Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетінің жаңа оқу нысанының құрылысымен танысты

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің игілігі үшін салынып жатқан оқу ғимаратының құрылысы таныстырылды.

Оқу ошағының дамуына тың серпін беретін жаңа нысанның жай-күйімен танысуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, PhD доктор Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет арнайы қатысты. Құрметті меймандарды құрылыс барысымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар таныстырды.

Құрылысқа жауапты мамандардың мәліметінше, бүгінгі күні жаңа оқу нысанының 9 қабаттан тұратын монолиттік жұмыстары толығымен аяқталған. Одан бөлек, шәкірттер білім алатын аудиторияларды бөлу мен сыртқы сылақ жұмыстары тәмамдалып, терезелерді қою жұмыстары 70%-ға біткен.

Жақын күндері құрылысшылар жиыны 3 блок бойынша вентиляциялық жұмыстарды аяқтамақ. Сонымен қатар, жауапты мамандар ғимаратты жылыту жүйесімен жабдықтау үдерісі басталғанын жеткізді.

Жоспарға сәйкес, жалпы аумағы 30 000 м² құрайтын оқу ғимараты 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.

Соңғылар

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак университетіне  қаржылай қолдау білдірді
ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау білдірді
07.04.2026 Жаналықтар

ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау білдірді Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде зекет беру шарасы өтті. Қайырымды

Read More