Қадірлі мұсылман қауымы!
Баршаңызды қасиетті Қадір түнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – адамзат баласына мейірім мен береке сыйлайтын, дұға мен тілектер қабыл болатын ерекше қасиетті түн.
Қадір түні – жүректерге иман нұрын себелейтін, пенденің жасаған игі амалдары еселеніп жазылатын, рухани тазаруға мүмкіндік беретін қастерлі мезет. Осындай берекелі түнде жасаған дұға-тілектеріңіз қабыл болып, шаңырақтарыңызға амандық, ел-жұртымызға тыныштық, мемлекетімізге тұрақтылық пен өсіп-өркендеу нәсіп болсын.
Алла Тағала баршамызға денсаулық, береке-бірлік, мол ризық пен игілік нәсіп етсін. Жасаған ғибадаттарыңыз бен игі амалдарыңыз қабыл болғай!
Ізгі ниетпен,
Нұр-Мүбарак Университет проректоры
Ершат Ағыбайұлы
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved