НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту жөніндегі халықаралық орталығының Діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры Малғараева Зауре Боранқұлқызы және қызметкері Абишева Замира Базарбайқызы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Ағыбайұлымен кездесіп, еліміздегі діни ахуалға қатысты мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар кездесу барысында саладағы білікті мамандарды даярлау және діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында өзара әрекеттесу мәселесі де қаралды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved