Введите текст заголовка

09.01.2026

Нұр-Мүбарак университетінің оқытушылары – 2025 жылғы ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №466 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес, 2025 жылға арналған ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру жөніндегі Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №2 қорытынды отырысының шешімімен бірқатар ғалымдар жоғары марапаттарға ие болды.

Аталған беделді марапаттар қатарында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушылары да бар. Атап айтқанда:

  • Дінтану кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Талғат Темирбаев мен 
  • Дінтану кафедрасының PhD, аға оқытушысы Айгерім Темирбаева

 
 М. Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми жұмыс үшін жас ғалымдарға арналған сыйлық иегерлері атанды.

Бұл жетістік – ғалымдардың отандық ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоғары деңгейде бағалануының айқын дәлелі. Университет оқытушыларының мұндай марапаттарға ие болуы Нұр-Мүбарак университетінің ғылыми әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Әріптестерімізді айтулы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми қызметтеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!