«IT-Innovation 2026»: Нұр-Мүбарак университетінде халықаралық жобалар байқауы өтті

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 25 жылдығына орай Жалпы білім беру пәндері кафедрасы 2026 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері мен Ирландия мемлекетінің Дублин университетінің студенттері арасында ақпараттық технологиялар саласында инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған «IT-Innovation 2026» атты жобалар байқауын өткізді.

       Конкурс келесі бағыттар бойынша өткізілді:

  • Жасанды интеллект;
  •  Мобильді қосымшалар;
  •  Веб-жобалар және платформалар;
  •  Робототехника;
  •  Білім берудегі IT шешімдер;
  •  Цифрлық стартап жобалар.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 34 жоба келіп түсті. Шет елдерден, мысалы Ирландияның Дублин университетінен 1 студент жобасымен қатысты. Солардың ішінен үздік деп танылған 16 жоба финалға жолдама алды. Соның ішінен 7 жоба жүлделі орындарға ие болды.

Әділ қазылар алқасы келесідей құрамда жұмыс атқарды:
1. Байтенова Лаура Маратовна – Тұран университеті Экономика факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор
2. Сақан Қайрат — Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының ғылыми қызметкері, PhD
3. Исмагулова Жулдыз Сауелхановна – М. Тынышпаев атындағы ALT университетінің Ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты
4. Қағазбекова Салтанат Бейсенбаевна – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ғылым бөлімінің басшысы
5. Қапасова Дариға Армановна – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Үздік деп танылған жобалар келесідей орындарды иеленді:
     Бас жүлде — Эшен Ансар, Нархоз университеті, жоба тақырыбы: «Гибридные интеллектуальные чат-боты для автоматизации возвратов и отслеживания заказов в электронной коммерции: объединение rule-based, ML и LLM подходов»
1-ші орын — Анамат Маржан, Базарбай Дания, Муратова Амина,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, жоба тақырыбы: «Жасанды интеллект арқылы жалған діни ақпараттарды анықтау жүйесі»
2-ші орын — Идрисова Руфина, Шмарин Тимофей, Савгира Андрей, Тұран университеті, жоба тақырыбы: Интеллектуальный диалоговый агент для онлайн-консультаций студентов
2-ші орын — Евсюков Артем, Ким Николай, Нургазиев Даурен, КеАҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті», жоба тақырыбы: REDSOFT
3-ші орын – Жанысбаев Арсен, Нархоз университеті, жоба тақырыбы: Интеллектуальная система правового консультирования на базе ИИ
3-ші орын – Капасова Жайна, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, жоба тақырыбы: Game over (animation project)
3-ші орын — Сәбит Бақдәулет, Нұр Мүбарак университеті, жоба тақырыбы: Сенсорлық деректер негізінде адаптивты әрекет ететін робот прототипі.

Бұл байқау университетіміздің Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Қапасова Дариға Армановнаның жетекшілігімен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнінің оқытушылары Хомпыш Ардабек, Скакова Айгүл Жұмахановна және Игембаева Айнұр Қанатовнаның ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.

Соңғылар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
10.04.2026 Жаналықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді 2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас

Read More