Введите текст заголовка

Халықаралық байланыс кеңеюде: Нұр-Мүбарак делегациясы Малайзия елшілігінде ресми сапарда

Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры мен қызметкерлері Малайзия еліндегі ресми іс-сапарын Куала-Лумпурдағы Қазақстан Республикасының елшілігінен бастады.

Ресми делегацияны Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Сүгірбаев Болат Болатұлы қабылдады.

Нұр-Мүбарак университеті білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында жаңа қадамдар жасауда.

Осы мақсатта университет проректоры Оңғар Ершат Ағыбайұлы кездесу барысында екі ел арасындағы білім, ғылым және мәдени байланыстарды тереңдету, студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар мен конференциялар ұйымдастыру мәселелері жөнінде пікір алмасты. Бұл іс-сапар — Нұр-Мүбарак университетінің халықаралық деңгейдегі серіктестік аясын кеңейтіп, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен өзара байланысын жаңа деңгейге көтеруде маңызы зор болмақ.

Нұр-Мүбарак университеті жаһандық рухани және білім кеңістігінде өз орнын нығайтып, әлемдік деңгейдегі серіктестерімен бірге сапалы білім мен ғылыми дамуға үлес қосуда.

Нұр-Мүбарак делегациясы алдағы бірнеше күн ішінде Малайзияның бірқатар ғылым ордаларында кездесулер өткізбек.

#НұрМүбарак #ХалықаралықІссапар #Малайзия #БілімСеріктестігі #NMU #Education #GlobalCooperation