Введите текст заголовка

РУХАНИ ДИПЛОМАТИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ӘРІ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ ҚАСИЕТТІ МҰРАСЫН САҚТАУ ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

25.06.2025

Рухани дипломатия және әлемдік әрі дәстүрлі діндердің қасиетті мұрасын сақтау тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде «Дипломатия мен әлемдік және дәстүрлі діндердің қасиетті мұрасын сақтау» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы (Астана), Мұсылман ақсақалдар кеңесі (БАӘ) және Нұр-Мүбарак университеті бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның салтанатты ашылуында проректор, PhD Ершат Оңғар рухани дипломатияны қазіргі замандағы стратегиялық қажеттілік деп атады. Оған қоса, XII ғасырдағы қолжазбаны қалпына келтіру — бүкіл мұсылман әлемінің ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.
Жиынға Қазақстан мен шет елдерден мемлекеттік мекеме мамандары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, дін қайраткерлері, ғылым мен мәдениет саласының сарапшылары және қолжазбамен айналысатын мамандар қатысты.

Қатысушылар қазіргі қарқынды өзгерістер мен жаһандық өзара байланыс жағдайында әртүрлі дін мен мәдениет өкілдері арасындағы сенім, өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Осы тұрғыда рухани дипломатия тек діни келісім құралы ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани мұраны сақтау ісінде де маңызды рөл атқаратынына назар аударылды.
Дөңгелек үстел барысында қасиетті мұра — соның ішінде қолжазбалар, сәулет ескерткіштері мен діни өнер туындылары — адамзаттың ұжымдық жадын сақтаушы құндылық екені айтылды.

Шара аясында Алматыда сақталған XII ғасырдағы бірегей қолжазбаны қалпына келтіру бастамасы да кеңінен талқыланды.