Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығымен (IRCICA) бірлесе отырып, 2025 жылдың 9-10 қазан күндері «Қазақстан мәдениеті және Ислам дінінің қолжазбалық мұрасы: Алтын Орда мен Мысыр мәмлүктері коллекциялары мысалында» атты III Халықаралық семинар өтті.
Халықаралық семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төраға орынбасары, наиб муфти Ермек Қасболатұлы Мұқатай, Түркия елінің профессор, докторы Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығы, Сәулет мұрасы бөлімінің меңгерушісі Алидост Эртуғрул, Чукурова университетінің профессоры Фатих Яхья Аяз, Мармара университеті, тарих бөлімінің профессоры Ильяс Кемалоглу, Сакария университеті, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті, тарих бөлімінің профессоры Мұхаммед Біләл Челик қатысты. Сонымен бірге, Мысыр елінен Каир университеті, Александрия кітапханасының Қолжазба мұрасын зерттеу бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Ахмад Мұхаммад Атия, Өзбекстан Халықаралық ислам академиясы, тарих ғылымдарының докторы Зухра Арипова мен Укпам Палвановтар онлайн-оффлайн баяндама жасады. Семинар қазақ, араб, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде өтті.
Дәстүрлі үш жыл қатарынан өтіп жатқан Халықаралық семинар үш секциядан тұрды: «Мәмлүктер заманындағы қолжазба мұрасы», «Алтын орда деректері», «Қазақстан қолжазба мұралары».
Халықаралық семинардың пленарлық мәжілісінде Профессор Ш.Т. Керімнің «Орта ғасырдағы ислам мемлекеттері тарихындағы ғуламдардың (мәмлүктердің) орны» атты кітабының танытымы өткізілді.
Семинар аясында жарық көрген «Қазақстан мәдениеті және Ислам дінінің қолжазбалық мұрасы: Алтын Орда мен Мысыр мәмлүктері коллекциялары мысалында» атты 600 беттік жинақ табысталды. Семинар соңында қатысушыларға Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Ахмад Хусейн Мухаммад Ибраһим және Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығы, Сәулет мұрасы бөлімінің меңгерушісі (IRCICA) Алидост Эртуғрул қатысушыларға арнайы сертификат табыстады.
Сондай-ақ семинар аясында Қазақстандық каллиграф Асылбек Орынбасаровтың «Хүсни хат – Исламның төл өнері» атты каллиграфиялық көрмесі, мастер класс өткізіліп, қонақтар тапсырысымен каллиграфиялық жазулар жазылып таратылды. III Халықаралық семинар ислам дінінің қолжазбалық мұрасын зерттеу арқылы мәдени-рухани сабақтасты тереңірек ұғынуға негіз болды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved