Құрметті Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер қауымы!
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитеті 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жариялағанын хабарлаймыз!
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 10.12.2025 жыл – 10.01.2026 жыл аралығы
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған грант – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын басым бағыттар шеңберінде іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін қаражат (бұдан әрі – грант).
2026–2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсы келесі басымдық салалары бойынша жүргізіледі:
1) Агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;
2) Геология, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар;
3) Сутегі энергиясын және энергияны сақтауды қоса алғанда, жылу және электр энергетикасы;
4) Машина жасау және өнеркәсіптік робототехника;
5) Өмір және денсаулық сақтау ғылымдары, биотехнология және дербестендірілген медицина;
6) Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік;
7) Ғарыштық технологиялар, спутниктік және зымыран жүйелерін әзірлеу;
8) Су ресурстарын ұтымды пайдалану, экология және биоәртүрлілікті қалпына келтіру;
9) Жоғары сапалы білім беру және оқытудағы цифрлық технологиялар;
10) Экологиялық, агротуризм және этнографиялық туризм.
Бір жобаны іске асыруға бөлінген гранттың ең көп мүмкін сомасы 250 000 000 (екі жүз елу миллион) теңгеден аспайды. Қаражат жылдар бойынша мынадай көлемде бөлінеді:
1) 2026 жылға – 82 500 000 (сексен екі миллион бес жүз мың) теңге (33%);
2) 2027 жылға – 85 000 000 (сексен бес миллион) теңге (34%);
3) 2028 жылға – 82 500 000 (сексен екі миллион бес жүз мың) теңге (33%).
Барлық ғалымдар мен жас зерттеушілерді белсенді қатысуға шақырамыз!
Толық ақпарат: Ғылым бөлімі, 306 кабинет.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved