Құрметті білім алушылар!

2026 жылғы 21 сәуір күні «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде діни саладағы жұмыс берушілермен ауқымды кездесу өтеді.

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері, республикалық маңызы бар қалалар мен барлық облыстардың Бас имамдары, медресе директорлары, сондай-ақ Дін істері басқармалары, дін мәселелерін зерттеу орталықтары және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері өкілдері қатысады.

Кездесу барысында:

  • Бос жұмыс орындары
  • Мешіт пен медреседегі қызмет мүмкіндіктері
  • Мемлекеттік діни қызмет бағыттары
  • Өндірістік тәжірибе мен тағылымдама
  • Өңірлер бойынша жеке аудиториялық кездесулер

Бұл — өз өңіріңіздегі жұмыс мүмкіндіктерімен танысып, болашақ мансап бағытыңызды анықтауға үлкен мүмкіндік.

Кездесу өңірлер бойынша бөлінген аудиторияларда өтеді. Болашағыңызға бүгіннен қадам жасаңыз.