ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА
WORKSHOP ӨТЕДІ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ғылым апталығы (6–17 сәуір) аясында арнайы workshop ұйымдастырылмақ.

Атап айтқанда, 15 сәуір күні сағат 16:00-де «Жоғары рейтингті журналдардағы академиялық басылымдардың пікірталас тудыратын мәселелері» тақырыбында ғылыми кездесу өтеді.

Іс-шара барысында жоғары рейтингті ғылыми журналдарда жарияланым жасауға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар тәжірибе алмасады.

Аталған workshop университет оқытушылары, магистранттар мен докторанттар шақырылады.