МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН МІНДЕТТІ ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ

Құрметті мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант)
негізінде білім алып жатқан бітіруші курс білім алушылары!

2026 жылғы 08 сәуір күні бітіруші бакалавр, магистратура және докторантура білім алушыларына арналған «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен онлайн ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтеді.

Аталған кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектерге міндетті еңбекпен өтеу талаптары мен тәртібін жан-жақты түсіндіру болып табылады.

Спикер: «Қаржы орталығы» АҚ Жас мамандардың міндетті өтеуін мониторингтеу департаментінің өкілі Омурзакова Айман Сабырбековна

Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланады:

• мемлекеттік грантты еңбекпен өтеу шарттары мен ережелері;
• жұмыс орындарына бөлу тәртібі;
• жолдама алу мәселелері;
• өтеуден босату немесе кейінге қалдыру жағдайлары;
• түлектерді толғандыратын өзге де өзекті сұрақтар.

Осыған орай, барша бітіруші курс білім алушыларын онлайн кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.

Тіркелу үшін:

Соңғылар

Ғылым апталығы халықаралық студенттік конференциямен басталды
Ғылым апталығы халықаралық студенттік конференциямен басталды
06.04.2026 Жаналықтар

Ғылым апталығы халықаралық студенттік конференциямен басталды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ұйымдастырған Ғылым апталығының алғашқы іс-шарасы «Қазақстандағы және шетелдегі дінді

Read More