1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Осынау ерек мереке – еліміздегі этносаралық ынтымақ пен қоғамдық келісімнің айғағы. Ділі, діні, тілі өзге ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында тоғысып, береке-бірлікті арқау етуі бақытпен де, байлықпен де парапар.

Қазақстан – жаһандық кеңістікте татулықты ту еткен бірден-бір көпұлтты мемлекет. Сол себепті ордалы отанға шоғырланған 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ынтымағын бұзбау, өзара келісімді сақтау қашанда маңызды.

Баршаңызды Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен
шын жүректен құттықтаймыз!