Введите текст заголовка

Қырғызстандық докторанттар Нұр-Мүбарак университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде

Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласындағы Ишеналы Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің 8 докторанты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтіп жатыр.

Оқу бағдарламасы аясында докторанттар отандық және Мысырлық профессорлардың дәрістерін тыңдап, заманауи ғылыми әдіснаманы терең меңгеруде. Сонымен қатар олар университеттің кітапханаларымен танысып, ғылыми ақпараттық дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруде.

Бұл тағылымдама екі ел арасындағы академиялық байланысты нығайтып қана қоймай, жас зерттеушілердің кәсіби біліктілігін арттыруға да үлкен мүмкіндік береді.