ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІНІҢ КҮН ТӘРТІБІ БЕКІТІЛДІ
2026 жылғы 27 наурызда университетте №227 Ғылыми кеңес мәжілісі өтеді. Аталған отырыста білім беру үдерісін жетілдіруге және ғылыми қызметті дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер қарастырылмақ.
Күн тәртібіне сәйкес, ең алдымен 2025 жылғы 27 ақпанда өткен алдыңғы отырыстың хаттамасын бекіту жоспарланған. Сонымен қатар, 2025–2026 оқу жылында қорғалатын магистрлік диссертациялар бойынша рецензенттердің құрамын бекіту мәселесі қаралады.
Мәжіліс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары мен элективті пәндер каталогын бекіту көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде оқу үдерісінің сапасын арттыруға және студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсыныстарына сәйкес оқу бағдарламаларын дамыту жөніндегі комиссияның есебі тыңдалады.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – 8D02202 «Дінтану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Сманова Мавлюда Тәжибаевнаны 2026 жылғы 06 сәуір мен 06 мамыр аралығында Қырғыз-Түрік Манас университетіне (Қырғыз Республикасы) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберу.
Аталған мәжіліс университеттің білім беру және ғылыми қызметін одан әрі дамытуға бағытталған маңызды шешімдерді қабылдауға негіз болады.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved