НМУ проректоры халықаралық дөңгелек үстелде сөз сөйледі.
Астана қаласында өткен «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы» атты халықаралық дөңгелек үстелге Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, теология ғылымдарының PhD докторы Ершат Оңғар арнайы қатысып, мазмұнды баяндама жасады.
Іс-шарада дінаралық келісім, рухани тұрақтылық, әлемдік қауіпсіздік пен қазіргі қоғамдағы діни білімнің рөлі сынды өзекті тақырыптар талқыланды.
Ершат Оңғар дін көшбасшылары мен білім ордаларының өзара байланысы, жастар тәрбиесіндегі діни сауаттылықтың маңызы және НМУ-дың осы бағыттағы тәжірибесімен бөлісті.
Дөңгелек үстел жаһандық діни диалогты дамытуға бағытталған маңызды алаң ретінде өтті.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved