Введите текст заголовка

Хабарландыру!
Құрметті НМУ оқытушы-профессорлар құрамы!

     ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарында қазақстандақ ғалымдардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасын іске асыратынын хабарлаймыз.
     Бағдарлама ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесіне сәйкес жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу аясында жүзеге асырылады. Бағдарламаның ұзақтығы 3 айдан 12 айға дейінгі мерзімді қамтиды және ол      2025 жылға ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жетекші шетелдік ЖООК білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне енгізілген шетелдік ұйымдарда (№98 бұйрық, 7.03.2025 ж.) өткізіледі.
     Бағдарлама ғылыми тағылымдамадын өту, ұшу, мед.сақтандыру, визалық алымдар, оқу материалдарын сатып алу шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайынғы степендия төленеді.

     2025 жылы Бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау 2025 жылдың 31 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысуға өтінім беру үшін үміткерлер мынандай талаптарға сай болуы керек:

  1. Ғылыми дәреженің (ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD, бейін бойынша доктор) және магистр академиялық дәрежесінің болуы;
  2. Аккредиттелген ғылыми ұйымдарда ғылыми зерттеудің таңдалған маамндану саласында кемінде 12 ай үздіксіз жұмыс өтілі;
  3. Бекітілген тізімге кіретін шетелдік үйымнан шартсыз шақырудың (қаржылық жағдайларды қоспағанда) болуы;
  4. Білгіленген талаптарға сәйкес келетін деңгейде қазақ және шет тілдерін білу (2-қосымша);
  5. Ғылыми нәтижелердің (WoS, Scopus халықаралық дерекқорларында индекстелетін мақалаалр немесе шолулар немесе уәкілетті орган ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда кемінде 1 мақала) және (немесе) Derwent Innovations Index өтінімі болуы.

    Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер туралы ақпаратты 3 қосымшаға сәйкес 2025 жылдың 11 қыркүйегіне дейін gylym@nmu.edu.kz электрондық почтасына жіберуді сұраймыз.

Толық ақпарат үшін: Ғылым бөлімінің басшысы — Салтанат Бейсенбайқызы,  306 кабинет.