Введите текст заголовка

АҚШ АСТАНАСЫНДА

17.06.2025

Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD докторы Ершат Оңғар мен профессор Шамшәдин Керімнің АҚШ-тағы ғылыми іссапары Вашингтонда жалғасты. Қос ғалым қаладағы Конгресс кітапханасында отырып, ғылыми жобаға қатысты материалдар жинады. Олар Америкалық сыртқы саясат кеңесі Орталық Азия және Кавказды (зерттеу) институтында болып , оның бағдарламалар бойынша директоры Лаура Линдерманмен кездесті. Институттың зерттеулерімен танысып, тақырыпқа қатысты 15 кітап/ басылым іріктеп алды. Соның ішінде нысаналық жоба тақырыбымен тікелей байланысты институт директоры Сванте Е. Корнелдің «The New Secularism in the Muslim World: Religion and the State in Central Asia and Azerbaijan. By Svante E. Cornell. AFPC Press / Armin Lear, –2023» кітабы да бар.

Сондай-ақ озық оқу орындарының бірі болып есептелетін Джордж Вашингтон (GW) университетінде болып, корпустары мен аудиторияларын аралап, танысты.

Университеттің Халықаралық қатынастар факультетінде, Еуропа, Ресей және Еуроазия зерттеу кафедрасында болып , кафедра меңгерушісі Генри Хейлмен кездесті.

Факультеттің саясаттану профессоры Генри Р.Наумен ұшырасып, пікірлесті. Кафедрада жасалып жатқан ғылыми зерттеулер мен еңбектер жайында мәліметтер алды. Кафедра жанындағы Абай орталығын көрді.