Введите текст заголовка

Құрметті Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы!

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы — 2025» конкурсының ашылғандығын хабарлаймыз!

Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі: 3.11.–14.11.2025ж.

Конкурстың I кезеңі 2025 ж. 3 қарашасынан бастап, 2025 ж. 14 қарашасына дейін жалғасады. Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік
оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық
көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды
қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер(2025, 2024, 2023, 2022, 2021 ж.)
3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі (2025-2026 оқу жылы);
4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 17-19 қараша аралығында өткізіледі.
Байқаудың II кезеңі 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап, 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

​Толық ақпарат: Ғылым бөлімі, 306 кабинет.