Введите текст заголовка

2025-2026 жж. ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ЖОО КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІГІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТӘУЕКЕЛ ДӘРЕЖЕСІН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМ ШАРТТАРЫ

2025–2026 оқу жылындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшем-шарттары Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаты білім сапасын арттыруға, оқу процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта 2025–2026 оқу жылынан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметін тәуекел дәрежесін бағалау өлшем-шарттары негізінде қадағалау тетігі енгізіледі.

Бұл бағалау жүйесінің басты міндеті – білім беру сапасына ықпал ететін негізгі факторларды анықтау, оқу орындарының әлеуетін әділ бағалау және олардың ары қарай тұрақты дамуына жағдай жасау.

Бағалау өлшем-шарттарының негізгі бағыттары:

  • Білім беру бағдарламалары – мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкестігі, оқу жоспарларының өзектілігі және еңбек нарығы талаптарына бейімділігі.
  • Профессорлық-оқытушылық құрам – оқытушылардың ғылыми дәрежесі, біліктілік деңгейі, педагогикалық тәжірибесі мен халықаралық жобаларға қатысу белсенділігі.
  • Студенттердің академиялық нәтижелері – оқу жетістіктері, академиялық ұтқырлық көрсеткіштері, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылуы.
  • Түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы – жұмыспен қамтылу деңгейі, жұмыс берушілердің пікірлері мен әлеуметтік серіктестік аясындағы ынтымақтастық.
  • Ғылыми-зерттеу қызметі – жарияланымдар сапасы, ғылыми жобалардың нәтижелілігі, халықаралық индекстеу базаларындағы белсенділік.
  • Цифрландыру деңгейі – оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдану, электронды платформаларды пайдалану тиімділігі.
  • Ішкі сапа кепілдігі жүйесі – оқу орнында білім сапасын бақылау тетіктерінің болуы және олардың жүйелі іске асырылуы.


Жүйенің маңызы

     Тәуекел дәрежесін бағалау өлшем-шарттары оқу орындарының даму көрсеткіштерін айқындап қана қоймай, олардың ішкі әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Университеттер осы талаптарға сәйкес қызметін жетілдіру арқылы білім сапасын халықаралық деңгейге жақындатады.
Бұл бастама еліміздегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласының сапасын көтеруге, академиялық әділдік пен ашықтықты нығайтуға, сондай-ақ студенттер мен түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Әділетті Қазақстан үшін білім сапасы – басты басымдық.