НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ ЕРШАТ ОҢҒАР АСТАНАДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар 10 сәуірде Астанада бастау алған дөңгелек үстелге қатысты. Елеулі жиын «Жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсаттарының іске асырылуына үлесі» атты тақырыппен өрбіп жатыр. Сондай-ақ, елордадағы іс-шарада еліміздегі білім жүйесінің беделді өкілдері мен іргелі оқу орындарының таңдаулы профессорлық-оқытушы құрамы төбе көрсетті.

Дөңгелек үстел ҚР-ның Ұлттық экономика министрі С. Жұманғарин мен ҚР-ның Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің сәлемдеме сөзінен басталды. Одан бөлек, Қазақстандағы БҰҰ-ның тұрақты үйлестіруші С. Раднарагча да аталған жиынға ортақтасты.

Іс-шараның негізі панельдік сессиядан тұрды. Мұнда оқу үдерісінің тұрақты даму мақсаттарын айқындайтын жобалар талқыланып, еліміздің түкпір-түкпіріндегі 89 жоғары оқу орнынан келген 114 маман өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша университтерді басқару жүйесіне 2030 жылға дейін ТДМ құрылымын енгізу мақұлданды.

Соңғылар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
10.04.2026 Жаналықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді 2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас

Read More