2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас зерттеушілер кеңесінің ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Цифрландыру дәуіріндегі білім мен ғылым» тақырыбында өткен VI Халықаралық эссе байқауында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, «NMU Student Research Club» студенттік ғылыми клубының белсенді мүшесі Уалихан Серікболұлы Өтен аталған клубтың ғылыми қызметі аясында қатысып, ІІ орын иеленді.
Жеңімпаз ІІ дәрежелі дипломмен және 30 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен марапатталды. Айта кету керек, байқауға студенттермен қатар 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар мен педагогтер де қатысты.
Эссе жұмыстары академиялық жазылым талаптарына сәйкес бағаланып, авторлардың сыни ойлауы, теориялық негіздемесі, дәлелді аргументтері мен сауаттылығы басты назарға алынды.
Уалихан Серікболұлы Өтенді жүлделі жеңісімен құттықтай отырып, алдағы ғылыми жетістіктеріне сәттілік тілейміз!
Нұр-Мүбарак университетінің білім алушыларын осындай халықаралық ғылыми байқауларға белсенді қатысуға шақырамыз және әрбір студенттің ғылыми әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтеміз.
Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді 2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved