Нұр-Мүбарак университетінде ағылшын тілінен олимпиада басталды

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ғылым апталығы аясында «ағылшын тілі» пәндік олимпиадасы бастау алды. Білім бәсекесіне оқу ордасының 1-3 курс студенттері қатысып, жиыны 2 кезең бойынша бақ сынап жатыр.

«Ағылшын тілі» пәндік олимпиадасының алғашқы кезеңінде 17 студент тыңдалым және оқылым бағыты бойынша өз білімдерін ортаға салды. Қатысушылар арнайы әзірленген мәтіндермен танысып, артынша 30 минут ішінде сұрақтарға жауап берді. Қос сынақ қорытындысы нәтижесінде білгенінен жаңылмаған 8 қатысушы ғана ақтық сынға жолдама алды.

Соңғы кезең жазылым және айтылым жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда да студенттерге 30 минут ішінде берілген тапсырмаларды орындау міндеті жүктелді. Қорытынды сайыста студенттер қойылған сауалдарға ағылшын тілінде жауап беріп, сыни талдау жүргізді.
«Ағылшын тілі» пәндік олимпиадасында озық атанған шәкірттер 10 сәуір күні марапатталмақ.

Соңғылар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді
10.04.2026 Жаналықтар

Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді 2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас

Read More