Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен V Халықаралық Фараби форумы аясындағы «Әл-Фараби мұрасы және жаһандық өркениет: философия, ғылым, руханият тоғысы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректоры Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим мен университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар қатысты.
Ауқымды ғылыми жиын 2026 жылдың 9–11 сәуір аралығында өтеді. Форум жұмысына алыс және жақын шетелдерден келген ғалымдар мен сарапшылар онлайн және оффлайн форматта қатысып, Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын жан-жақты зерделемек.
Форумның басты мақсаты – әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасы негізінде қазіргі қоғам дамуының философиялық және мәдени тұғырларын айқындау, сондай-ақ отандық және шетелдік зерттеушілер арасындағы ғылыми байланысты нығайту.
Жиын барысында ғылым мен білімнің маңызы, цифрлық дәуірдегі этика, жасанды интеллект пен руханият сабақтастығы, тұлғалық мәдениетті дамыту мәселелері кеңінен қордаланбақ. Сонымен қатар, түрлі секциялық отырыстар мен халықаралық және республикалық деңгейдегі дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері талқыланады.
Өз сөзінде университет ректоры Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим: «Бұл конференцияның «Әл-Фараби және әлемдік өркениет: философия, ғылым және рухани құндылықтардың бірлігі» тақырыбында өтуі – осы ұлы тұлғаның ғылыми мұрасы мен құндылықтарын дәріптеуге арналған маңызды іс. Бұл адамзат тарихында терең із қалдырған ұлы энциклопедист ғалымды ұлықтаудың бір көрінісі ғана.
Әл-Фараби – ислам өркениетінің ең көрнекті тұлғаларының бірі. Ол һижраның төртінші ғасырында ғылымға ерекше ықпал еткен. Әртүрлі ғылым салаларын терең меңгерген: медицина, физика, есеп, этика, философия, логика, қоғамтану, саясат, тіл білімі, поэзия, шешендік өнер және музыка. Сонымен қатар бірнеше тілдерді білген: араб, парсы, түрік тілдері, сондай-ақ грек және сирия тілдерін де меңгерген. Жалпы, оның дәуірінде бес тіл білу жеткілікті деңгей саналған», – деп атап өтті.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылардың ғылыми баяндамалары жеке жинақ ретінде жарық көрмек.
Нұр-Мүбарак университетінің студенті халықаралық эссе байқауында жүлделі орын иеленді 2026 жылдың сәуір айында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved