БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ХӘЗІРЕТ НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет Нұр-Мүбарак Египет ислам университетінің профессорлық-оқытушы құрамымен жолықты. Жиында оқу ордасының келешек жоспары сараланып, Бас мүфти мен ұстаздар арасында ашық талқылау жүрді.

Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет ағартушылық жолда телегей тер төгіп жүрген университет ұжымына алғыс айтып, айрықша сенім білдірді: «Діни басқарманың алдыға қойған мақсаты дінімізді жақсы білетін, Құран тәжуиді дұрыс, жамағаттың сұранысына жауап беретін, ешқандай ағым мен топқа қатысы жоқ маман даярлау. Сонымен қатар мешіттерде қызмет ететін дін қызметкерлерінің көпшілігін жоғары діни білімді маманмен қамтамасыз ету. Нұр-Мүбарак университетінің әлеуеті ондай маман даярлауға толық жетеді».

Бүгінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде 2964 студент түрлі мамандық бойынша білім алып жатыр. Олардың 1 920-сы Исламтану мамандығында оқиды. Бұл көрсеткішке Бас мүфти оң баға беріп, болашақта да діни сауатты шәкірттерді баулуға ыждаһатты түрде атсалысу керегін алға тартты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің келелі баяндамасынан кейін университеттің профессорлық-оқытушы құрамы кері байланыс білдіріп, түрлі ұсыныстар айтты. Ал Бас мүфти ұстаздар қауымының сұранысын қанағаттандыруға және де ұтымды ұсыныстарды қабылдауға ықыласты екенін танытты.

Бұл жиында модератор қызметін атқарған университет проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар ұстаздар қауымымен арнайы жолыққан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет пен оның кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбековке алғысын жеткізді.

Соңғылар

Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетінің жаңа оқу нысанының құрылысымен танысты
Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетінің жаңа оқу нысанының құрылысымен танысты
07.04.2026 Жаналықтар

Бас мүфти Нұр-Мүбарак университетінің жаңа оқу нысанының құрылысымен танысты Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің игілігі үшін салынып жатқан оқу ғимаратының

Read More