ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау білдірді

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде зекет беру шарасы өтті.

Қайырымды іске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, PhD доктор Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет арнайы қатысты. Одан бөлек, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, доктор, профессор Ахмет Хусейн Мұхаммад Ибраһим мен аталған оқу орнының проректоры Ершат Ағыбайұлы Оңғар да ізгі амалдың куәсі болды.

Бұл игі бастамаға ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры демеушілік етіп, 10 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Берілген зекет Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне түрлі жобаларды қолдау мақсатында табысталды.