Ғылым апталығы халықаралық студенттік конференциямен басталды

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ұйымдастырған Ғылым апталығының алғашқы іс-шарасы «Қазақстандағы және шетелдегі дінді зерттеудің өзекті мәселелері» атты ІІІ халықаралық студенттік конференциямен басталды. Конференцияның бірінші секциясы «Қазіргі қоғамдағы дін: теория және практика» атты ой-талқыға арналды.

​​Мұнда еліміздің іргелі ЖОО студенттері бақ сынасып, өрелі ойларды ортаға салып жатыр.

Конференция жиыны 4 секциядан тұрады. Тың тақырыптарға негізделген іс-шара аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық талапты жастар сөз өрбітеді. Олар дін шеңберіндегі өзекті тақырыптар мен жасанды интеллект сынды заманауи тың тетіктерді де өзара қаузамақ.

Жоспар бойынша зерделі зерттеу жасап, ілкімді ой қорытқан студенттер сайыс соңында жүлделі сыйлықтармен марапатталмақ.

Соңғылар

Ғылым апталығы халықаралық студенттік конференциямен басталды
Ғылым апталығы халықаралық студенттік конференциямен басталды
06.04.2026 Жаналықтар

Ғылым апталығы халықаралық студенттік конференциямен басталды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ұйымдастырған Ғылым апталығының алғашқы іс-шарасы «Қазақстандағы және шетелдегі дінді

Read More