2026 жылғы 08 сәуір күні бітіруші бакалавр, магистратура және докторантура білім алушыларына арналған «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерімен онлайн ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтеді.
Аталған кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектерге міндетті еңбекпен өтеу талаптары мен тәртібін жан-жақты түсіндіру болып табылады.
Спикер: «Қаржы орталығы» АҚ Жас мамандардың міндетті өтеуін мониторингтеу департаментінің өкілі Омурзакова Айман Сабырбековна
Кездесу барысында келесі маңызды мәселелер талқыланады:
• мемлекеттік грантты еңбекпен өтеу шарттары мен ережелері;
• жұмыс орындарына бөлу тәртібі;
• жолдама алу мәселелері;
• өтеуден босату немесе кейінге қалдыру жағдайлары;
• түлектерді толғандыратын өзге де өзекті сұрақтар.
Осыған орай, барша бітіруші курс білім алушыларын онлайн кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Тіркелу үшін:
ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қоры Нұр-Мүбарак университетіне қаржылай қолдау білдірді Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде зекет беру шарасы өтті. Қайырымды
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved