НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ
«Этно ауыл» атты дәстүр мен руханият тоғысқан мерекелік іс шара өтті
Ұлық Ораза айт мерекесіне орай университетімізде ұлттық рухты жаңғыртқан ерекше жоба – «Этно ауыл» мәдени-танымдық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – жастардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрлерімізді дәріптеу және рухани сабақтастықты нығайту. Этно ауыл аясында қатысушылар қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысып, дәстүрлі өмір салтының көріністерін тамашалауға мүмкіндік алды.
Бағдарлама аясында ұлттық ойындар кеңінен ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Арқан тарту, Асық ату, Қол күрес сынды жарыстар жастардың қызығушылығын арттырып, өзара достық пен белсенділікті нығайтты. Сонымен қатар, ұлттық тағамдар ұсынылып, қонақтарға қазақы қонақжайлықтың үлгісі көрсетілді.
Іс-шара барысында арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық ән-күй мен дәстүрлі өнер дәріптелді. Студенттер өз өнерлерін ортаға салып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Осындай мазмұнды шаралар – жастарды рухани тұрғыда байытып, ұлттық болмысымызды сақтауға үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
Университет қабырғасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Этно ауыл» жобасы аясында дәстүр мен спорт ұштасқан ерекше шара өтті. Бұл күні оқу орны аумағы қазақы нақыштағы этноауылға айналып, қатысушылар мен қонақтарға халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін тереңінен таныстыруға мүмкіндік берілді.
Іс-шара барысында киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылып, қолөнер көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қазақ халқының рухын көтеретін ұлттық спорттық ойындар кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, арқан тарту, асық ату, қазақша күрес, ләңгі тебу сынды ойындар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, нағыз тартысты бәсекеге ұласты.
Шараның басты мақсаты – жастардың бойына ұлттық рух пен салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық пен бірлікті нығайту. Қатысушылар белсенділік танытып, өзара ұйымшылдық пен ептіліктерін көрсетіп, ерекше әсерге бөленді.
«Этно ауыл» мен спорттық ойындар үйлесім тапқан бұл мереке – ұлттық мұраны жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved