V Республикалық Құран сайысы жоғары деңгейде өтті

   12 наурыз күні Нұр-Мүбарак университеті қабырғасында жоғары оқу орындарының студенттері арасында Құран Кәрімді жатқа оқу бойынша V республикалық сайыс табысты ұйымдастырылды.

   Бұл игі шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген талапты жастардың басын қосып, олардың Құранға деген сүйіспеншілігі мен білім деңгейін айқын көрсетті.

   Сайыс бірнеше деңгей бойынша өтті: толық 30 пара, 20 пара, 10 пара, 5 пара және Құранның соңғы 30-парасы бойынша. Қатысушылар өзара мықты бәсекеде бақ сынап, үздіктер анықталды.

 Жеңімпаздар:

Толық Құран:
1-орын – Абдикадиров Гиёсжон
2-орын – Бурибаев Алиби Ғабитұлы
3-орын – Инаятуллаев Анвар Ахрарұлы

20 пара:
1-орын – Мырзахмет Махмут Жолдасұлы
2-орын – Магауя Айқын Ақылбекұлы
3-орын – Хамидов Мухаммеджан

10 пара:
1-орын – Амантай Мухаммад-Юсуф Нұрасылұлы
2-орын – Эркинов Жасурбек
3-орын – Нурмурат Абдулла

5 пара (ұлдар):
1-орын – Куспанов Жалгас
2-орын – Бейсенбай Айдын Рахымжанұлы
3-орын – Бағытжанұлы Бекжан

5 пара (қыздар):
1-орын – Сарсен Айша
2-орын – Қожабекқызы Ақнұр
3-орын – Тлеулі Мейірім Азаматқызы

30-пара (сыртқы университеттер):
1-орын – Әлішеров Дарын Әбденұлы (Жезқазған университеті)
2-орын – Баймаханов Мақсат Төлегенұлы (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)
3-орын – Сарыбай Бейнур Джалгасұлы (Almaty Management University)

30-пара (қыздар):
1-орын – Жетпіс Кәусәр
2-орын – Зулфиева Севинч Ермухаммадовна
3-орын – Мырзаш Каримахан Ниязқызы

30-пара (ұлдар):
1-орын – Сайдуллаұлы Абдухаким
2-орын – Murad Danakhunov
3-орын – Кәрімбек Рамазан Еркебұланұлы

   Бұл сайыс – жастардың рухани дамуына серпін беріп, Құран іліміне деген қызығушылықты арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.