Введите текст заголовка

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін, 2026 жылдың 2 наурызында «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс» күніне орай Бостандық ауданының төтенше жағдайлар басқармасының жоспарына сәйкес Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Жалпы білім беру пәндері кафедрасы университет қызметкерлері мен студенттерінің қатысуымен төтенше жағдай кезінде іс-қимыл бойынша жаттығу өткізді.

Сейсмикалық жаттығу барысында «Баршаңыздың назарыңызға!!!!» дабылы соғылды. Университет қызметкерлері мен студенттері ғимараттан шығарылып Жалпы білім беру пәндері кафедрасы оқытушылары студенттермен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік іс-шараларын көрсетті. Қауіпсіздік карточкасы, дабыл сөмкесін дайындау және төтенше жағдайларда зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету ережелері түсіндірді.