Введите текст заголовка

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Қадірлі ағайын!

    Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін аса қадірлі де қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан – сабыр мен шүкірдің, мейірім мен кешірімнің, рухани тазару мен ізгі амалдардың айы. Бұл қасиетті ай адамзатты жақсылыққа үндеп, жүректерімізге иман нұрын себеді, жан дүниемізді байытып, бірлік пен татулықты нығайтады.

Осы берекелі айда баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, жасаған дұға-тілектеріңіз орындалсын. Әрбір игі іс-амалдарыңыз еселенген сауапқа кенеліп, шаңырақтарыңыздан шаттық пен қуаныш арылмасын.

Қасиетті Рамазан айы баршамызға рухани жаңару, жан тыныштығы және жаңа жетістіктерге бастар игі қадамдардың бастауы болсын. Ел іргесі аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болғай!

Ізгі тілекпен, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті