«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ: ЖОО ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ» атты семинар өткізді
Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті.
Семинар тақырыбы:
«Жасанды интеллект пен цифрлық трансформация: ЖОО дамуының жаңа кезеңі»
Аталған ғылыми жиында ЖББП кафедрасының ұстаздары Хомпыш Ардабек пен Скакова Айгүл баяндама жасап, жоғары білім беру жүйесіндегі цифрлық өзгерістер, жасанды интеллект мүмкіндіктері және университеттердің жаңа даму кезеңіндегі стратегиялық бағыттары туралы мазмұнды ой бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, заманауи технологиялардың білім сапасын арттырудағы рөлі мен болашақтағы перспективаларын талқылады.
Ғылыми семинар – кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар қалыптастыруға және академиялық ортадағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved