Введите текст заголовка

“ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ”
тақырыбында мазмұнды семинар өткізді

Алматы қаласының Полиция департаментінің өкілдері Абуталип Бектур қызметкері Нұр-Мүбарак университеті қызметкерлеріне арналған “Терроризм және қазіргі терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары” тақырыбында мазмұнды семинар өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – терроризмнің алдын алу, ықтимал қауіп-қатерлерді ерте кезеңде анықтау және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру болды. Семинар барысында қатысушыларға терроризм ұғымының мәні, оның заманауи түрлері мен таралу ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, радикалды идеологиялардың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік пен сергектік мәдениетін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Кездесу аясында күдікті жағдайларды анықтау белгілері, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптары, эвакуациялау тәртібі және төтенше жағдайда әрекет ету алгоритмдері бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Қызметкерлерге теориялық ақпаратпен қатар, тәжірибелік ұсыныстар да ұсынылып, қауіпсіздік хаттамаларын сақтау маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен кәсіби кеңестер алды. Мұндай іс-шаралар университет қабырғасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға және кез келген қауіпке дайын болуына ықпал ететіні сөзсіз.