Введите текст заголовка

11 АҚПАН – ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ҚЫЗДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ

Бүгін, 11 ақпанда, әлемде Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні атап өтілуде. Бұл күн ғылым саласында еңбек етіп жүрген әйелдердің жетістіктерін дәріптеп, олардың қоғам дамуына қосып отырған үлесін айқындауға арналған.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ғалым әйелдер ғылым саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Бүгінде оқу орнында қызмет ететін ғалымдардың 38 пайызын әйелдер құрайды. Олар гуманитарлық ғылымдар саласында, соның ішінде исламтану, дінтану, теология және тілдерді оқыту бағыттары бойынша жемісті еңбек етіп жүр.

Отандық ғылым саласында исламтану және дінтану, теология, араб және ағылшын тілдері саласында өз мектептерін қалыптастырған, ғылыми еңбектер мен кітаптардың авторлары, университеттің дамуына сүбелі үлес қосып, үзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан жетекші әйел ғалымдар қатарында Шамшат Әділбаева, Дариға Қапасова, Айымжан Рыскиева, Дамира Сихимбаева, Баян Күлбекова, Гүлдархан Рысбаева, Нурзия Абишева, Эльмира Қырықбаева, Әлия Төлегенова, шетелдік ғалым ханымдар — Amany Mahmoud Abdelsamad Ibrahim және Amira Mohamed Saber Abdelmabood т.б. сынды отандық және шетелдік ғалымдар бар.

Сонымен бірге, университеттің нәзік жанды ғалымдарының еңбегі мен ғылыми ізденістері республикалық деңгейде жоғары бағаланып отыр. Атап айтқанда, Рыскиева Айымжан Әбуқызы PhD, қауымдастырылған профессор ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Ал Темирбаева Айгерим Алматқызы PhD доктор 2025 жылы гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми жетістіктері үшін жас ғалымдарға арналған «М. Әуезов атындағы сыйлықтың» иегері болды. Сондай-ақ, Рыскиева Айымжан Әбуқызы 2025 жылғы 7 тамыздағы шешімге сәйкес «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында АҚШ мемлекетінде 1 жылдық ғылыми тағылымдамадан өтуге лайық деп танылды. Бұл марапаттар университет ғалым әйелдерінің кәсіби шеберлігі мен ғылым саласындағы зор әлеуетін айқын көрсетеді.

Университетіміздің барлық нәзік жанды ғалымдарын бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз!