Введите текст заголовка

19.12.2025

Қырғызстан Республикасының Ишеналы Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің
8 докторанты Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті

Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласындағы Ишеналы Арабаев атындағы мемлекеттік университеттің 8 докторанты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.

Тағылымдама барысында докторанттар отандық және мысырлық профессор-оқытушылардың дәрістерін тыңдап, заманауи ғылыми әдіснама бойынша білімдерін тереңдетті. Сонымен қатар университет кітапханаларының қорымен танысып, ғылыми ақпараттық дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.

Тағылымдаманың қорытынды кезеңінде докторанттарға арнайы сертификаттар табысталып, оларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.Аталған бағдарлама екі ел арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, жас зерттеушілердің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік берді.

Қырғызстан Республикасының Ишеналы Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің 8 докторанты Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

 Тағылымдама аясында:

  • отандық және мысырлық профессорлардың дәрістерін тыңдады
  •  заманауи ғылыми әдіснамамен танысты
  • кітапхана қорлары мен ғылыми дерекқорлармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.

Тағылымдама соңында докторанттарға сертификаттар табысталып, салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл бағдарлама екі ел арасындағы академиялық байланысты нығайтып, жас ғалымдардың кәсіби дамуына үлкен серпін берді.