Сүйінші – дана!
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының PHD доктор, қауымдастырылған прфоессоры Мұхан Исаханның «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы және әдет-ғұрып пен шариғат синтезі» атты моногарфиясы жарық көрді.
Монография кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы билеуші топ өкілдері, әскери институттар мен лауазымдар, сот билігінің өкілдері, өнер иелері, әлеуметтік тап өкілдері, дін қызметкерлерінің статустары мен функциялары ғылыми талданады. Екінші бөлімде әдет-ғұрып пен шариғаттағы ортақ құқықтық ұғымдар мен әдіс-тәсілдер, атап айтар болсақ, «ғұрып» пен «адат» ұғымдары, шариғаттағы әдет-ғұрып критерийлері, «сийасат-ул аш-шариға», «хила-и аш-шариға» (айла-шарғы), әдет-ғұрып пен шариғат үндестігі: қысас пен құн мәселелері зерделенеді. Үшінші бөлімде автордың ислам энциклопедиясына( қазақ әдет-ғұрпындағы әлеуметтік-құқықтық институттар туралы жазған мақалалары берілген. Яғни, мемлекет қазынасының кіріс көздері, отбасы институтындағы ғұрыптық нормалар, сот жүргізу процесі мен қылмыстық санкциялар, жерлеу рәсімдеріндегі салт-дәстүрлер, әдет-ғұрып ережелеріндегі шариғи терминдер тізбегі көрсетіліп, аталған мәселелер жөнінде ғылыми байламдар жасалынады.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved