Введите текст заголовка

Бүгін университетімізге “ZETA” компаниясының басшысы Омаров Қанат Байтенұлы арнайы қонақ болып келді.

Кездесу барысында университет жай күйімен танысып, жаңадан салынып жатқан құрылыс жайында сөз қозғалды.

“ZETA” — әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейге қойған ірі компаниялардың бірі. Олардың университетке жасаған қолдауы студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған үлкен қадам болып табылады. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті атынан “ZETA” компаниясына көрсеткен ерекше қолдауы үшін зор алғыс айтамыз. 

Университетіміз студенттер игілігі үшін әріптестіктерді кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер ашуды жалғастыра береді.

Бірге — жарқын болашақ үшін!