Введите текст заголовка

Қазан қаласында өткен халықаралық олимпиада жүлдегерлерін Нұр Мүбарак ректоры Ахмед Хусейн Мухаммад Ибраһим құттықтады

Қазан қаласында өткен халықаралық олимпиада — ғылым мен руханияттың тоғысқан алаңы болды. Әлемнің 20-дан астам елінен жиналған қатысушылардың арасында Нұр-Мүбарак университетінің студенттері де білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, абыройлы жетістіктерге қол жеткізді.

Кабдулахит Ислам — усул әл-фиқһ және фиқһ бағыттары бойынша III орын, Абдрахман Нұрахмед — араб тілі бағыты бойынша I орын иеленді. Осы маңызды жеңістермен университет ректоры Ахмед Хусейн Мухаммад Ибрахим арнайы құттықтап, студенттердің еңбегі мен талпынысына жоғары бағасын берді. Бұл олимпиада — тек бәсеке ғана емес, білім мен бауырластықты, рухани байланысты нығайтатын орта болды.