Құрметті Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер қауымы!
Өтінім беру мерзімі: 29.10.2025 бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде жалғасады.
Барлығы 75 мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалады. Оның ішінде 50 стипендия 40 жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға арналған.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурсқа төмендегідей құжаттар ұсынылады:
1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының дәлелді өтінішхаты (ұсынымы);
2) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
3) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға үміткердің соңғы бес жылдағы ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңыздыларының (бестен аспайтын) баспа-таңбасы;
4) енгізу актісінің көшірмесі (бар болса);
5) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылықты растайтын құжаттар (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);
6) Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);
7) халықаралық ынтымақтастықты растайтын құжаттар (бар болса, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия ізденушілер үшін ғана);
8) қолданыстағы жиырма сандық карталық шоты туралы хабарлама.
Отандық баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады. Шетелдік баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі және шығыс деректері ұсынылады.
Мемлекеттік ғылыми стипендияларға өтінім беру келесі сілтеме арқылы жүзеге асады: https://astanahub.com/ru/l/scholarships
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге арналған.
Барлық өтінімдер «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады.
Барлық ғалымдар мен жас зерттеушілерді белсенді қатысуға шақырамыз!
Толық ақпарат: Ғылым бөлімі, 306 кабинет.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved