Введите текст заголовка

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ ТАРАПЫНАН ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚАҚЫЛАР АЛУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРС ЖАРИЯЛАНҒАНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ!

Құрметті Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер қауымы!

Өтінім беру мерзімі: 29.10.2025 бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде жалғасады.

Ғылым саласындағы сыйлықақылар келесі бағыттар бойынша тағайындалады:

-Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлық;
— Педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлық;
— Гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлық.

Ғылым саласындағы сыйлықақылар алуға арналған конкурсқа төмендегі құжаттар ұсынылады:

1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (баспа бетінің жартысынан аспайтын);
3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) сыйлықақы алуға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
5) сыйлықақы алуға үміткердің шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
7) енгізу актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
8) қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шот туралы хабарлама.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлықақы алуға үміткер жұмыстан босатылған кезде оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге арналған.

Ғылым саласындағы сыйлықақыларға өтінім беру келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады: https://astanahub.com/ru/l/awards

Барлық ғалымдар мен жас зерттеушілерді белсенді қатысуға шақырамыз!

Толық ақпарат: Ғылым бөлімі, 306 кабинет.