2025 жылдың 3 қазанында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде “Ұлылар үндестігі: Абай Құнанбаев пен А.С.Пушкин” атты мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы тілдер мерекесіне орайластырылып өткізілді. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған бұл шараның жоғары деңгейде өтуіне білім ордамыздың табалдырығын биыл аттаған дарынды да талапты студенттер атсалысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шәкірттеріміздің жан-жақтылығы мен сан алуан өнері әл-Фараби залына жиналған қалың көрерменді тәнті етіп, әдемі көңіл-күй сыйлады.
Кеш аяғында көрермендер арасында ойын ойнатылып, кафедра меңгерушісі Дариға Арманқызы арнайы сыйлықтарды ұсынып, қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved