Введите текст заголовка

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚР ҰҒА ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

2025 жылғы 19 қыркүйекте Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Исламтану білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, оқытушылық және әкімшілік құрам өкілдері ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Орталық Азияның тұрақты даму мақсаттары өзгермелі әлемдік тәртіпте» атты форумға қатысты.

Бұл форумға ғылым бөлімінің басшысы С.Н. Қағазбекова және Исламтану білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы М.А. Жолмағанбетова, Сапамен қамтамасыз ету және аккредиттеу орталығының жетекшісі Р. Султан ҚР Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған «Орталық Азияның тұрақты даму мақсаттары өзгермелі әлемдік тәртіпте» атты форумға қатысты.

Форум барысында климаттың өзгеруі мен тұрақты даму мәселелері талқыланып, Қазақстан, Германия және басқа да халықаралық сарапшылар мен ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.

Форумда Орталық Азиядағы климаттың өзгеруіне байланысты өзекті мәселелер қарастырылып, халықаралық деңгейде ғылыми шешімдер мен ынтымақтастық жолдары талқыланды. Студенттеріміз үшін бұл шара экология пәніндегі ислам көзқарасын кеңірек түсініп, пәнаралық білім қалыптастыруға зор мүмкіндік болды. 

Бұл іс-шара студенттердің экология пәніндегі білімін тереңдетіп, ислам ғылымы тұрғысынан сараптамалық ой қорытуына мүмкіндік береді.