Введите текст заголовка

ТҮЛЕКТЕР ЭСТАФЕТАСЫ: НҰР-МҮБАРАКҚА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

13.06.2025

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің жаңа ғимаратының құрылысына қолдау білдіру мақсатында Исламтану-2015 түлектері игі бастаманы қолға алып, келешек буынға үлгі көрсетті. Университет тарихында ерекше орны бар бұл топ эстафета жариялап, алғашқы болып Нұр-Мүбарак Қорына 1 миллион теңге қаражат аударды. Нұр-Мүбарак университетінің басқарушы директоры Мақсат Байзақ бұл бастама түлектердің Нұр-Мүбаракқа деген шынайы сүйіспеншілігі мен рухани ұясына адалдығының айқын нышаны екенін атап өтті.

Исламтану мамандығы бойынша алғашқы мемлекеттік білім грантымен оқып, сәтті аяқтаған бұл қыздар тобы – университет тарихындағы тек екінші қыздар легі. 2015 жылы бұл мамандық мемлекеттік стандартқа сай шрифт алып, ресми түрде танылған болатын. Барлығы 127 түлек (оның ішінде 27 қыз, 100 ұл) Исламтану саласында білім алып, ел игілігіне қызмет етуде. Ал бүгінде сол түлектер туған университетінің дамуына үлес қосуды парыз деп санап отыр.

Түлектеріміз бұл эстафетаны университет қабырғасынан түлеп ұшқан барша түлекке жолдайды!