Введите текст заголовка

НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БРАЙЛЬ ЖҮЙЕСІМЕН ҚҰРАН ҮЙРЕТУ КУРСЫ АШЫЛДЫ!

11.06.2025

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде ерекше маңызға ие игі шара өтті.

Зағип жандарға арналған Брайль жүйесімен Құран үйрету факультативті курсының ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Жиынды университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибраһим мырза ашып, жиналған жұртшылықты жаңа бастамамен құттықтады. Өз сөзінде ол: «Қасиетті Құран – әрбір мұсылманның жүрегіне жол табуы тиіс. Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету арқылы шын мәнінде шекарасыз ілім мен мейірімді қоғам құру жолында бір қадам ілгері басып отырмыз. Бұл курс – тек білім емес, үміт пен сенім сыйлайтын бастама», – деп атап өтті.

Шара барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап ала алды. Университет ұжымы мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.