Введите текст заголовка

МҰХИТТЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫНДАҒЫ ЕЛДІҢ ОҚУ ОРНЫМЕН БАЙЛАНЫС КӨКЖИЕГІ

09.06.2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын бағдарламалық-нысаналы ғылыми жоба жоспарына сәйкес АҚШ-тың Калифорния штатына Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, PhD докторы Ершат Оңғар мен профессор Шамшәдин Керім іссапармен келіп, бірнеше университеттер мен зерттеу орталықтарында болды. Атап айтқанда, Калифорния штатының Чико университеті (CSU Chico) Халықаралық білім және жаһандық байланыс вице-президентінің орынбасары, доктор Дженнифер Гурбермен кездесті. Осы кездесу барысындағы талқылауға Философия факультетінің деканы, доктор, профессор Занджа Юделл, Салыстырмалы дінтану және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, доктор, профессор Даниэль Вейдлингер,сондай-ақ Қазақстандағы ислам тарихы, мәдениеттану, дінтану, әлеуметтану бағыттары туралы ғылыми жұмыс жасап жүрген ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Екіжақты келіссөздер кезінде Нұр-Мүбарак университеті мен CSU Chico арасында мобильдік ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін келісімшарт жасауға уағдаласты.

Агро саласы бойынша әлемдік үштікке кіретін CSU Chico университетінде 200-ден астам академиялық бағдарлама бойынша 34 000 студент оқиды екен. Алайда осы күнге дейін Қазақстаннан бірде-бір студент оқуға түспеген. Жоғарыда аталған екіжақты келісімді іске асыру арқылы қазақстандық ізденушілерге үлкен мүмкіндік ашыларына сенімдіміз.

Нұр-Мүбарак делегациясы алдағы күндері Калифорнияның Девис университеті және Вашингтон мен Нью-Йорк қалаларындағы ғылыми орталықтарға барып, маңызды шараларды жүзеге асырмақ.