Нұр-Мүбарак IAAR-2025 рейтингінде жаңа биіктер бағындырды!
Қазақстандағы жоғары оқу орындарының сапасын бағалайтын беделді ұйым – IAAR (Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) 2025 жылғы Қазақстан Республикасының ЖОО қажет етілуінің ұлттық рейтингінің нәтижесін жариялады. Бұл рейтингке 1650-ге жуық білім беру бағдарламасы қатысқан болатын. Аталған бәсекеде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті өзінің сапалы білім беру дәстүрін тағы бір мәрте дәлелдеп, еліміздің ТОП-20 үздік университеттері қатарынан ойып тұрып орын алды.
Әсіресе, университеттің негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштері – мақтанарлық:
🔹 Исламтану білім беру бағдарламасы барлық деңгейде (бакалавриат, магистратура, докторантура) бірінші орын иеленіп, жетекші орнын нықтады.
🔹 Дінтану және теология бағытындағы бакалавриат бағдарламасы – 1-орында,
🔹 Дінтану докторантурасы – 2-орынға жайғасып, ғылыми әлеуетін көрсетті.
🔹 Сонымен қатар, барлық гуманитарлық бағыттар бойынша университет алғашқы ондықтың 4 және 5 орындарын иеленді.
Бұл – тек академиялық көрсеткіш қана емес, бұл – Нұр-Мүбарактың білім мен руханиятты қатар ұштастыра отырып, ұлтқа, елге қызмет етудегі қажырлы еңбегінің нәтижесі. Университетіміздің жүлделі орындары құтты болсын! Рухани білімнің шамшырағы – Нұр-Мүбарактың абыройы асқақтай берсін!
© Copyright 2024 All Rights Reserved
info@nmu.edu.kz
© Copyright 2025 All Rights Reserved