Введите текст заголовка

Ашық есік күні

17.05.2025

2025 жылғы 17 мамыр күні Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде мектеп түлектері мен талапкерлерге арналған Ашық есік күні жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара барысында келушілер университеттің инфрақұрылымымен, оқу аудиторияларымен және кітапханасымен танысып, арнайы ұйымдастырылған экскурсияға қатысты. Жас талапкерлер үшін қызықты танымдық викториналар, тест ойындары және түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, университеттің білікті ұстаздары жетекшілігімен өткен шеберлік сағаттары барысында болашақ студенттер әр мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы мол мағлұмат алды.

📚 Ашық есік күні – білім мен болашаққа бастар алғашқы қадам. Нұр-Мүбаракпен бірге сенімді болашаққа жол ашық!