Введите текст заголовка

СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ

Фракциялар туралы ақпарат

Клубтар және оларға шақырулар

advanced divider

«ZERE» қыздар клубы

Бұл клуб – студент қыздардың өз әлеуетін ашуына, жаңа дағдыларды меңгеруіне, мотивация алуына және жаңа достар табуына мүмкіндік береді. Клуб қыздарға арналған шаралар мен кездесулер өткізумен айналысады. 

 

🔗 Клубқа қосылу

Жатақхана студенттік кеңесі

Жатақханада тұратын студенттер үшін жайлы орта құру – біздің басты мақсатымыз. Кеңес жатақхана тұрғындарының мүддесін қорғайды, олардың өмір сүру жағдайын жақсартады және түрлі мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастырады.

 

🔗 Клубқа қосылу

Шахмат клубы

Студенттер арасында зияткерлік дамуды қолдау және стратегиялық ойлау қабілеттерін жетілдіру – біздің басты мақсатымыз. Клуб әрбір қатысушыға шахмат әлеміне енуге мүмкіндік беріп, достық пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталған.

 

🔗 Клубқа қосылу

Театр клубы

Театр – шығармашылық пен эмоцияның тоғысқан мекені. Бұл клубта сен актерлік шеберлікті үйреніп, түрлі спектакльдерге қатысып, өз-өзіңді дамытуға мүмкіндік аласың.

📌 Клубтың негізгі бағыттары:

  • Сахналық өнер мен актерлік шеберлік
  • Университетішілік театр қойылымдары
  • Көркем сөз өнері
  • Шығармашылықты дамыту

 

Классикалық еңбектерді оқыту клубы

Бұл клубта студенттер классикалық еңбектерді және діни әдебиеттерді оқып, олардың мәнін түсінуге үйренеді. Клубтың ерекшелігі – ислам әлемінің Қазақстаннан немесе Мәуенерахр жерінен шыққан ғалымдардың классикалық еңбектерін оқиды. Дәрістерді университет ұстаздары жүргізеді.

Оқырмандар клубы

Бұл клубта студенттер өздерін қызықтырған кітаптарды бірге оқып, талқылап, жаңа дүниетаным қалыптастырады.

📌 Клубтың негізгі бағыттары:

  • Әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқу
  • Интеллектуалды даму
  • Авторлармен кездесу
  • Оқырмандар талқылауы
  • Сыни ойлауды дамыту

Оқырмандар клубы

Бұл клубта студенттер өздерін қызықтырған кітаптарды бірге оқып, талқылап, жаңа дүниетаным қалыптастырады.

📌 Клубтың негізгі бағыттары:

  • Әртүрлі жанрдағы кітаптарды оқу
  • Интеллектуалды даму
  • Авторлармен кездесу
  • Оқырмандар талқылауы
  • Сыни ойлауды дамыту

Еріктілер клубы

Еріктілер – қоғамның нағыз жүрегі. Бұл клубта студенттер қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларға атсалысады.

📌 Клубтың негізгі бағыттары:

  • Қайырымдылық іс-шаралар
  • Мұқтаж жандарға көмек көрсету
  • Волонтерлік жобаларға қатысу
  • Студенттік өмірді пайдалы өткізу
  • Қоғамдық шараларда белсенді болу

Медиа клубы

Бұл клуб университеттің ақпараттық жұмысын жүргізіп, жаңалықтар таратуға көмектеседі.

📌 Клубтың негізгі бағыттары:

  • Фото, видео түсіру
  • Видеомонтаж
  • Мәтін дыбыстау
  • Графикалық дизайн
  • Подкаст, тікелей эфир жүргізу, т.б.