Введите текст заголовка

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы

Халым Қонай

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры

20.03.2018 – 09.11.2018 Бас сарапшы, Тіл саясаты комитеті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

19.11.2018 – 22.04.2019 Сарапшы, Дін істері комитеті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

23.04.2019 – 14.11.2023 Бас сарапшы, Дін істері комитеті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,

15.11.2023 – 08.04.2025 Басқарма басшысы, Дін істері комитеті ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі,

09.04.2025 – қазіргі уақытқа дейін Аналитик-менеджер, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы, Дінтану зерттеулер департаменті

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ОРТАЛЫҒЫ

Қысқаша тарихы

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің жанында 2021 жылғы 9 қаңтарда Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы құрылды. Академия университеттің діни қауіпсіздік бағытындағы ғылыми-ағартушылық әлеуетін арттыру, жастар арасында деструктивті және радикалды идеологиялардың алдын алу, сондай-ақ діни сауаттылықты күшейту мақсатында қызметін бастады.

Академия құрылымында университеттің ғылыми және стратегиялық бағдарламаларына сәйкес профилактикалық, ағартушылық және аналитикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. 2025 жылғы 1 сәуірде ұйым құрылымын оңтайландыру және қызмет бағыттарын кеңейту мақсатында академияның атауы өзгертіліп, ол ресми түрде Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы болып қайта құрылды.

Қайта ұйымдастырудан кейін Орталықтың мәртебесі, функциялары және міндеттері жаңартылып, профилактикалық, ғылыми-талдамалық, әдістемелік және ақпараттық қызметтері кеңейтілді. Орталықтың құрылуы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Білім туралы» заңдарына, университет Жарғысына және стратегиялық даму жоспарларына толық сәйкес жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы университеттің негізгі профилактикалық, ғылыми және ағартушылық құрылымдарының бірі ретінде тұрақты қызмет атқарады. Орталық жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға, радикалды идеологияның алдын алуға, ұлттық және зайырлы құндылықтарды насихаттауға бағытталған кешенді жұмыстарды жүзеге асырады.

Миссиясы

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының миссиясы – жастарды деструктивті идеологиялардан қорғау, діни сауаттылықты арттыру, ұлттық және зайырлы құндылықтарды насихаттау арқылы университет пен Қазақстандағы діни тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету.

Негізгі мақсаты

Орталықтың негізгі мақсаты – студенттер мен қызметкерлер арасында діни экстремизмнің алдын алу, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті күшейтуге бағытталған кешенді ағартушылық, профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыру.